«Талап селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Талап селосы әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 60 тармағы 3 параграфына сәйкес, «Талап селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының рұқсат беру құжаттары бөлігінде, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге  шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату(құрылысты бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру» жұмыстары бойынша, есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар немесе өтініштер түскен жоқ.

 

«Талап селосы әкімінің аппараты» ММ-де халыққа қызмет көрсетуге арналған өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтерді есепке алу журналы жүргізіледі.

2025 жылы өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 89 қызмет алушы мемлекеттік қызметтер алды, бұл ретте барлығы 103 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– жылжымайтын мүлікке құқықтардың бар (жоқ) екендігі туралы анықтамалар беру - 2;

– соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама - 9;

– тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер - 3;

– электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу - 89;

– архивтік анықтама, құжат көшірмелерін немесе архивтік үзінділер алуға өтініш беру - 0.

 

Әкім аппаратының ақпараттық стендінде интернет-порталдар арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібі туралы хабарландырулар мен ақпараттық материалдар орналастырылған.

Дата публикации
10 июня 2026