Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясын шақыру туралы

 

Аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

 

Жымпиты ауылы                            № 6                      5 мамыр 2025 жыл.

 

 

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясы 2025 жылдың мамыр айының 19 күні сағат 15.00-ге шақырылсын.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ:

 

  1. Аудандық білім беру бөлімінің жұмысы туралы.
  2. «Сырым колледжі» мекемесінің жұмысы туралы.
  3. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмысы туралы.
  4. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалуы туралы.
  5. Тасқын судан зардап шеккендердің тұрғын үйлерінің құрылысы, жай-күйі, апатты деп танылған үйлерге аудан бойынша қандай жұмыстар жасалатыны туралы төтенше жағдайлар комиссиясының есебі.
  6. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы.
  7. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы БҚО бойынша тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы.
  8. Басқа мәселелер.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                       Ш.Дуйсенгалиева