Жұмыс тобының отырысының хаттамасы

Жұмыс тобының отырысының хаттамасы

Аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндег жұмыс

тобының бірінші отырысының хаттамасы

 

25.12.2024 жыл                                                                                Жымпиты ауылы.

 

         Отырыс төрағалық етуші: Аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы -  Абдрахманов Алмаз Тұқпатұлы

         Қатысушылар: Аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері  Бисенғалиев Асхат Тулегенұлы, Мухамбетжанов Жардем Хамитұлы, Каналиев Ғилаж Молдашұлы, Еркін Жоламан Магауияұлы және мемлекеттік органдардың өкілдері Макашев Ерлан Қабдолуапұлы мен Кубаев Тимур Берікұлы, сонымен қатар байқаушы Елеуов Кондыкер Жеңісұлы.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы туралы.
  2. Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөіндегі конкурс туралы хабарландырудың мәтінін бекіту туралы.
  3. Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлеу туралы.

 

 

          Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылығы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесі бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген талаптарға сәйкес, Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы   Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, анықталды.

         Жұмыс тобында аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы 11 адамнан, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері 3 адамнан, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 8 адамнан болып белгіленді.

        Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, халықты Қоғамдық кеңестің мүшелдерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар ету. Осыған байланысты хабарландырулардың мәтінін бекіту және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.

         Жұмыс тобы хабарландырудың мәтінін бекітіп және аудандық  қоғамдық саяси «Сырым елі» газетіне жариялауға ұсынылды(хабарландырудың түп нұсқасы хаттамаға жарияланды).

        Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Сырым аудандық Қоғамдық кеңесінің ережесінің жобасын әзірлеу. 

         Жұмыс тобы, ереженің жобасын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылығы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесі бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, дайындап аудандық мәслихаттың төрағасының бекітуіне ұсынды.

          Сырым аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысында төмендегідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы11 адамнан, соның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері 3 адамнан, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 8 адамнан қалыптастырылсын.
  2. Сырым аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөіндегі конкурс туралы хабарландырудың мәтіні бекітілген нұсқада аудандық  қоғамдық саяси «Сырым елі» газетіне жариялауға ұсынылсын.
  3. Сырым аудандық Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын аудандық мәслихаттың төрағасының бекітуіне ұсынылсын.

 

Аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының басшысы                             А.Т. Абдрахманов