Сырым аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Сырым аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Сырым аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілуіне байланысты бос орындар бар екендігін хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.  

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстар қабылдау 2026 жылдың 27 сәуірден 14 мамырды (қоса алғанда) мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) жоғарғы тұрған сайлау комиссияларының тиісті  сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша жіберілген өтініш.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Сырым аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында (сілтеме- https://www.gov.kz/memleket/entities/syrym-maslihat) орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

 Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматта болуы тиіс, қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалу күні, орындаушы туралы белгі қойылуы тиіс, аты-жөні мен оның телефонының нөмірі.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2026 жылғы 27 сәуірден 14 мамырды (қоса алғанда) дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.

 

Сырым аудандық мәслихаты

 

Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы Сырым аудандық мәслихатының төрағасы.

         Мәслихаттың орналасқан жері: Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 8 үй.

Жауапты тұлға – Жанатау Айшолпан Жолдыбайқызы - аудандық мәслихат аппаратының  бас маманы, каб. № 302, байланыс телефоны 31-1-22, электрондық адресі: sirim_maslihat@mail.ru

 

1)  №290 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

2) №291 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

3) №293 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

4) №295 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

5) №296 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

6) №298 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын

7) №302 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

8) №305 учаскелік сайлау комиссиясы – 3 орын

9) №306 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын

10) №310 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын

11) №312 учаскелік сайлау комиссиясы – 3 орын

12) №314 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

13) №316 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

14)  №319 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын

15) №320 учаскелік сайлау комиссиясы – 3 орын

                             

 

Барлығы: 24 орын.

 

 

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы

Ш.Дуйсенгалиева                                     

 

27.04.2026ж