
Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы мен аудандық мәслихаттың 8 шақырылымының кезекті XLIII сессиясы өткізілді.
Сессияға аудан әкімі Ж.Батырниязов, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, мекеме басшылары, дербес бөлім басшылары мен қатар ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде,
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
Аудандық мәслихат төрағасының жылдық есебі.
Сырым аудандық электр жүйесінің атқарылған жұмыстарының есебі туралы.
Батыс Қазақстан облысын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының Сырым ауданда орындалуы туралы. Сырым аудандық мәслихатының «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» 2025 жылғы 11 наурыздағы № 29-2 шешімін жою туралы.
Техногендік және табиғи төтенше жағдайларды (су тасқыны) алдын алу және жою бойынша ТЖ қызметінің жұмысы туралы.
«2026-2028 жылдарға арналған аудандық және округтік бюджеттерге өзгеріс енгізу туралы шешімдеріне өзгеріс енгізу қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, депутаттар өз пікірлерін білдірді.