Аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Жымпиты ауылы № 7 30 мамыр 2025 жыл.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІ сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІ сессиясы 2025 жылдың маусым айының 3 күні сағат 10.00-ге шақырылсын.
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ:
Сырым аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №27-4 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Мәслихат төрағасы Ш.Дуйсенгалиева