Cегізінші шақырылымдағы кезекті ХХХІ сессия.

Cегізінші шақырылымдағы кезекті ХХХІ сессия.

Cегізінші шақырылымдағы кезекті ХХХІ сессия.

 

 Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясы өткізілді.

Сессияға аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, облыстық мәслихат депутаты Ғанимат Нурмуханов қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Ш.Дүйсенгалиева ашып жүргізді.

Сессияда білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбыловтың баяндамасына сәйкес аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләззат Мұқанова жазғы лагерь өткізілетін орындарда санитарлық талаптар қатаң сақталу керек екендігі жөнінде пікірін білдірді. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ғабит Жасталап балалардың демалысын ұйымдастыру кезінде өрт қәуіпсіздігінің алдын алуға баса назар аударған жөн екендігін атап өтті.

Аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләззат Мұқанова өз хабарламасында аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өте маңызды екендігін, соған сәйкес санитарлық-химиялық көрсеткішке сынамалар алынып тексеріліп тұратындығын баяндады. Осы баяндамаға қатысты «Сырым» МКҚК директоры Тұрарбек Нургалиев аудан тұрғындарына берілетін ауыз судың  тазалығы қалыптығы екендігін, ауыз суға дизенфекция жұмыстары жүргізіліп тұратындығын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары өз пікірлерін білдіріп отырды.