Қазақстанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мемлекеттік реттеу мен заңнамалық негізде жүзеге асырылады, оның мақсаты – адам мекендейтін ортаны қалыптастыру және елді мекендерді тұрақты дамыту.
Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.