Сыбайлас жемқорлық саласындағы іс қимыл саясаты
«Жезқазған қаласының құрылыс
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаршада № 14441 болып тіркелді), сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінде мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:
1) мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.