✅Көкшетау қаласында сапалы сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бірнеше жұмыстар көзделген. Соның бірі, өнімділігі тәулігіне 6️⃣0️⃣мың м3 су тазарту құрылыстарын реконструкциялау және кеңейту.
2️⃣0️⃣2️⃣4️⃣жылғы 1️⃣5️⃣шілде күні «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімінің қызметкерлерімен салынып жатқан объектіне мониторинг жүргізілді. Аталмыш жұмыстарды мердігерлік ұйым «Caspian Contractors Trust» ЖШС жүзеге асырып жатыр.
✅Мониторинг қорытындысы бойынша сыртқы инженерлік желілерді төсеу, ТҚС орнату, ғимарат салу бойынша жұмыстар аяқталғаны анықталды. Бұған қоса, ішкі инженерлік желілерді орнату және әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
✅Диаметрі 6️⃣3️⃣0️⃣ мм болатын, сумен жабдықтау желілерін төсеу шеңберінде Қанай би-Ш.Құдайбердиев көшелерінің қиылысынан су тазарту аумағына дейінгі учаскеде траншея әзірленді.
✅Аталған жұмыстарды жүргізу қазан айына дейін жоспарланған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін «Caspian Contractors Trust» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын орындайтын болады.
https://www.instagram.com/reel/C9eORqvsTrB/?igsh=MXZuNDU2MWFqa3ZjNw%3D%3D