Қалада су құбырын тазарту құрылыстарын қайта құру және кеңейту жұмыстары қалпына келтірілді, бұл тұрғындарды таза және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. “Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Байрамов нысандағы орындалған жұмыстардың сәйкестігін тексеру және қажетті атқарушылық-техникалық құжаттамамен танысу мақсатында құрылыс объектісіне барды. Тексеру барысында «Caspian Contractors Trust» мердігерлік ұйымы атынан жоба басшысы К. Өтегенов қажетті атқарушылық-техникалық құжаттаманы ұсынды. Объектінің ағымдағы жай-күйімен, жұмыстарды жүргізу кестесімен, сондай-ақ жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізу кестесімен танысу жүргізілді. Алаңда осы объектінің құрылысын уақтылы және сапалы аяқтау үшін одан әрі іс-қимылдар талқыланды. Пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылы желтоқсан айына жоспарланғанын қосымша хабарлаймыз.
https://www.instagram.com/p/C5xzO63s-SB/?igsh=bWRyNGUxNG83bGJ3