Мемлекеттік басқару академиясы Бюро қызметкерлеріне білім беру мүмкіндіктері жайлы айтып ерді

Мемлекеттік басқару академиясы Бюро қызметкерлеріне білім беру мүмкіндіктері жайлы айтып ерді

Ұлттық статистика бюросында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына түсу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Академия өкілдері қабылдау ережелеріндегі өзгерістер, конкурстық іріктеу кезеңдері, құжаттарды қабылдау алгоритмі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларындағы жаңалықтар туралы түсініктемелер берді.

Сонымен қатар Бюроның мемлекеттік қызметшілеріне Академияда оқудың артықшылықтары туралы айтып, біліктілік талаптары, жұмыспен өтеу мәселелері және т. б. бөлігінде оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Атап өту керек, Бюро кәсіби салада дамуға және білімін арттыруға ниет білдірген қызметкерлердің бастамасын үнемі қолдап жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, Академия мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны.