Қазақстан Республикасы халқының уақыт бюджетін пайдалануы

Қазақстан Республикасы халқының уақыт бюджетін пайдалануы

2024 жыл ішінде (қаңтардан желтоқсанға дейін) Ұлттық статистика бюросы «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» біржолғы модульдік зерттеуін жүргізді. Сауалнаманың мақсаты – халықтың өз уақытын пайдалануы туралы ақпарат алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті, өмір салтындағы өзгерістерді анықтау. Зерттеу 6 жылда бір рет жүргізіледі, 2024 жылы оған 10 және одан жоғары жастағы 11 914 респондент қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың (10 жастан асқан) орташа алғанда тәуліктің 54,2% (13 сағат) жеке күтімге (ұйқы – 9 сағат 26 минут, тамақ пен сусын – 1 сағат 57 минут, жеке гигиена және күтім – 1 сағат 27 минут және т. б.), 12,2% (2 сағат 56 минут) уақытын жұмысқа (жұмыспен қамтуға), 13,5% (3 сағат 14 минут) – үй шаруашылығын жүргізуге, 2% (28 минут) - оқуға, 0,8% (12 минут) – жеке пайдалану үшін тауарлар өндіруге жұмсайды, ал қалған 17,3% (4 сағат 9 минут) – бос уақыт.



15 жастан асқан ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істейді, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 18 минутты құрайды. Алайда, әйелдерде үй шаруашылығын жүргізу ер адамдарға қарағанда (1 сағат 51 минут) ұзағырақ уақыт алады (4 сағат 5 минут). Ер адамдардың әйелдерге қарағанда бос уақыты шамамен 2 есе көп - сәйкесінше 4 сағат 4 минут және 2 сағат 56 минут. 

Жұмыспен қамтылған ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут, әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды, бос уақытқа сәйкесінше 2 сағат 31 минут және 1 сағат 50 минут қалады.

Зерттеу нәтижелерін егжей-тегжейлі танысу үшін «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» электрондық кестесін бюроның ресми сайтында «Еңбек және кірістер» бөлімінде, «Өмір сүру деңгейінің статистикасы» бөлімінен табуға болады.