26.04.2025ж. Маңғыстау облысы Статистика департаментінің қызметкерлері Акция шеңберінде Үштаған ауылындағы ардагерлерге арналған аллеяны тазалап, қоқыстарды жинап, сыпырып, былтырғы жапырақтарды жинады. Абаттандыру жұмыстары – соғысты бастан кешірген буынның ерлігі мен қайсарлығы алдындағы құрмет пен тағзымның белгісі. Бұл – болашақтағы бейбіт өмір үшін жанын қиған жандарға деген ризашылықты білдірудің бір жолы.