2025 жылғы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласының шегінде орналасқан жалғыз орман алқабы- Мещанскіде ағаш отырғызу жөніндегі экологиялық акцияға қатысты.
Іс-шара барысында 10 мың қарағай көшет отырғызылды. Акция белгілі эко-блогер Алексей Сибирскийдің қолдауымен өтті, бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға ықпал етті.