Бюро қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында түрік Статистика институтына (TUIK) барып, ресми статистикалық ақпаратты тарату, коммуникациялық саясатты жетілдіру, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық үшін статистикалық деректер қолжетімділігін кеңейту мәселелерімен танысып қайтты.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі зерттеу ұйымдарына сәйкестендірілмеген микродеректерді ұсыну тәжірибесін зерттеу болды. Қатысушылар жеке ақпарат көзін ашпай-ақ, деректер базасымен өзара қауіпсіз ықпалдасуға мүмкіндік беретін виртуалды TUIK зерттеуші кабинетінің жұмысымен танысты. Бұл тәсіл ғылыми және қолданбалы зерттеулердің дамуына ықпал ете отырып, ресми статистика саласындағы халықаралық стандарттарының және дербес деректерді қорғау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қатысушыларға Ресми сайт, электрондық платформалар, Жарияланымдар және әлеуметтік желілер арқылы ақпаратты таратудың кешенді тәсілі ұсынылды. Статистиканы визуализациялау, мазмұнды әртүрлі мақсатты аудиторияларға бейімдеу, сондай-ақ пайдаланушылардың қанағаттанушылығын үнемі бағалау әдістері талқыланды.
Қатысушылар ALO124 Call-орталығының жұмысымен және статистикалық нысандар мен басылымдар шығару тәжірибесімен танысты. Зерттеу ұйымдары үшін микродеректерге қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін Ұлттық E-VAM платформасының жұмысына ерекше назар аударылды. Қатысушылар өтінімдерді беру тәртібі, ақпаратты қорғау рәсімдері және құпиялылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру шараларымен де танысты.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар статистика және цифрлық шешімдер саласындағы әріптестікті одан ары дамыту бағыттарын айқындап белгіледі.