
Бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының тармағын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығындағы статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету кезінде бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған негізгі аспектілер талқыланды.
Отырыс барысында АШЖБ, АТМТ, ЖМБМК, СБМАЖ сияқты Ақпараттық жүйелерді "е-статистика" жүйесімен интеграциялауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігінің Әкімшілік нысандарын тексерудің аралық нәтижелеріне басты назар аударылды.
Сонымен қатар отырысқа қатысушылар бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік беретін құралдар мен тетіктерді қарастырды, бұл өз кезегінде мемлекеттік статистиканың сапасын жақсартуға және аграрлық секторды қолдау үшін мемлекеттік ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді.