Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 8,9% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында белгіленді.
2025 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдері 9112 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 4290 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 47,1%), өңдеуде – 4061,4 млрд. теңгеге (44,6%).
Көмір (114%), шикі мұнай (103,7%), металл кендерін (103,5%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,8%) шығарудың артуына байланысты 2025 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы есепті кезеңде 2024 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 108,9%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдері өндірісінде – 13,1%, сусындар – 11,4%, темекі өнімдері – 26,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 7,2%, химия өнеркәсібі– 9%, резеңке және пластмасса бұйымдар – 6,8%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 21,6%, металл құюдан басқа қара металлургия – 9%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 20,1%, машина жасауда – 18,2% белгіленді.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Абай, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында белгіленді.