2024 жылы 1,8 млн көлік тіркеуден өтті

2024 жылы 1,8 млн көлік тіркеуден өтті

2024 жылғы желтоқсанда есепке 181,9 мың бірлік автокөлік қойылды, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артық.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлығы 1 836,3 мың автокөлік тіркелген. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында есепке қойылған.

Жалпы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 744,1 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.

2025 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан автопаркінің шығарылған жылы бойынша көрінісі келесідей:

20 жылдан аса – 2 518,5 мың автокөлік

10-20 жыл – 1 361,7 мың автокөлік

7-10 жыл – 652,2 мың автокөлік

3-7 жыл – 838,8 мың автокөлік

3 жылдан кем – 362,6 мың автокөлік

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.