2024 жылғы IV тоқсанда Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 197 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7 047,8 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,6%) жалдамалы қызметкер болса, 2149,2 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65% құрады.
2023 жылдың 4-тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 154,8 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлердің (141,5 мың адамға) есебінен өсті, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен 13,3 мың адамға.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,8%), білім беру (13,1%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,6%) салаларында байқалды.
Халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша жүргізілген іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, белсенді ізденістегі және жұмысқа кірісуге дайын тұлға) жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2025 жылғы қаңтар айының соңына қарай жұмыс күшінің 2,9%-ын құрады.