Бақыланбайтын экономиканы бөліп көрсеткедегі Қазақстан Республикасының 2023 жылғы жалпы өңірлік өнімі

Бақыланбайтын экономиканы бөліп көрсеткедегі Қазақстан Республикасының 2023 жылғы жалпы өңірлік өнімі

2023 жылғы өндірілген Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 119,8 трлн теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 5,1% ға өсті. 2023 жылғы ЖІӨ құрылымындағы ең жоғар үлес Алматы қаласы (20,8%),
Атырау облысы (12,0%) және Астана қаласына (10,8%) тиесілі.

2023 жылғы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 6 020,4 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде алдыңғы қатарды Атырау облысы (20 509,2 мың теңге), Алматы қаласы (11 340,6 мың теңге) және Ұлытау облысы (9 367,5 мың теңге) алды, ал тізім соңында – Түркістан (1 902,6 мың теңге), Жетісу (2 444,9 мың теңге) және Жамбыл (2 500,5 мың теңге) облыстары.

Жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) жоғары өсім қарқыны Жетісу облысында (12,6%), Алматы қаласында (9,7%) және Атырау облысында (7,4%) байқалды.      

 

 

2023 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 17,52% құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,26%-ға кеміді.

Бақыланбайтын экономиканың ЖӨӨ-дегі ең аз үлес Атырау (9,63%), Ұлытау (10,39%) және Батыс Қазақстан (12,31%) облыстарында байқалды, ең көп үлес – Жетісу (32,29%), Түркістан (30,81% ) және Жамбыл (24,24% ) облыстарында.