2024 жылғы қаңтар-наруыздағы (есепті деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,8% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі –35,1%, қызметтер – 57,9% құрады.
Ең үлкен өсімді Құрылыс – 115,9%, Ақпарат және байланыс – 110,1%, Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну – 109,1% салалары көрсетті.
ЖІӨ-нің НКИ-ге ең үлкен салымды Өңдеу өнеркәсібі–0,82%, Құрылыс – 0,62 % және Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу –0,54%, салалары қосты.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.