2023 жылғы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

2023 жылғы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

Алдын-ала деректер бойынша 2023 жылғы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2022 жылға қарағанда 105,1% құрап, жедел бағалау бойынша есептелген денгейде қалды. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 36,3%, қызметтердікі – 56,4%.

Нақтылаулар ай сайынғы деректері жоқ көрсетілетін қызметтер бойынша тоқсандық статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүргізілді. Сонымен қатар алдын-ала бағалау кезінде  статистикалық байқау деректері жедел бағалау кезінде болмаған әкімшілік деректермен толықтырылады.

 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.

ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.