2023 жылғы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны

2023 жылғы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және жинақтау, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларының кәсіпорындарын жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша 2023 жылы 410,3 мың адам (2022 жылы – 386,3 мың адам) немесе зерттелген кәсіпорындар қызмеркерлерінің жалпы санынан 24,2%-ы санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істеді.

Өңірлер бойынша зерттелген кәсіпорындардың қызметкерлері арасында санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыспен қамтылғандардың ең үлкен үлесі Қарағанды – 45,1%, Маңғыстау – 43,6%, Павлодар – 42,2%, Ұлытау – 40,2%, Шығыс Қазақстан облыстарында – 32,5% белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі Қызылорда облысында (8,8%).

2023 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 255 182,6 млн теңге жұмсады. Қосымша демалыс (жеңілдіктің түрі) 543,5 мың адамға берілген, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін 419,4 мың адам қосымша ақы алған, 323,8 мың адам – сүт және оған теңестірілген тамақ өнімдерін алды, 97,8 мың адам – емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілген, 45,8 мың адам – қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұл статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, экономикалық қызметтің жекелеген түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар арасында жыл сайын жүргізіледі.