Тіркелген дара кәсіпкерлік саны бір айда 2,4% азайды

Тіркелген дара кәсіпкерлік саны бір айда 2,4% азайды

Желтоқсан айында тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,4% азайып, 1 719 мың субъектіні құрады. Жылдық мәнде олардың саны, керісінше, 8,5% өсті.

Сондай-ақ желтоқсанда жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлік субъектілері санының да азаюы байқалды, қарашамен салыстырғанда олардың саны 1,9% кеміді, ал өткен жылмен салыстырғанда 11,1% өсті (барлығы 1 638 мың субъект). Дара кәсіпкерлік субъектілері санының бір айлық мәнде төмендеуі 2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың енуімен байланысты. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп саны «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» саласы бойынша, олардың үлесі – 37,5%. Екінші орында «Өзге де қызмет түрлерін ұсыну» (17,4%), үшінші орында «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» (16,2%). Жиынтығында осы үш қызмет түрінің үлесі барлық тіркелген дара кәсіпкерлік субъектілерінің 71,1% құрайды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 526 290 бірлікті құрады, оның ішінде 421 209 – жұмыс істеп тұрғандар. Желтоқсандағы деректерді 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда олардың біршама азаюы байқалады, тіркелген заңды тұлғалар саны 0,4%-ға, жұмыс істеп тұрғандарының саны 0,2%-ға қысқарды. Жылдық мәнде керісінше өсім бар, тіркелгендер саны 3,6%-ға, жұмыс істеп тұрғандар саны 5,5%-ға өскен.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» саласында – 27,7%, «Құрылыс» – 13,3%, «Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну» – 9,9%. Осы үш қызмет түрінің жалпы үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 50,9% құрайды.

Өңірлер бөлінісінде тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны Алматы (148 244 немесе 28,2%) және Астана (100 990 немесе 19,2%) қалаларына, сондай-ақ Қарағанды облысына (28 737 немесе 5,5%) тиесілі. Ең аз саны Ұлытау (2969 немесе 0,6%), Жетісу (8288 немесе 1,6%) және Абай (8281 немесе 1,6%) облыстарында.