Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-қарашадағы 16 793,1 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,7% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 11 436,9 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,7% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,4% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарларда – 67,6%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша болды, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, атомобильдерге арналған тетіктер, құрал-саймандар, аяқкиім, жиһаз, сағат және зергерлік бұйымдар, тұрмыстық электр құралдарын іске асыратын кәсіпорындарда атап өтілді.
2023 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 563,3 млрд теңгені, сауда күндерінде 65 күнді құрады (2022 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 351,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 58 күн құрады).
2023 жылғы қаңтар-қарашадағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,2%) мен Астана қалаларына (12,9%), Қарағанды (8%) және Шығыс Қазақстан (6%) облыстарына тиесілі.