Қыркүйек айында 169,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

Қыркүйек айында 169,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды

 

2023 жылғы қыркүйекте есепке 169,4 мың бірлік автокөлік құралы қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7% артты, оның ішінде автобустар 1,8 есе, жүк автомобильдері – 1,8 есе және жеңіл автомобильдер саны 1,6 есе өсті.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны

5 161,8 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жеке меншікте 4 542,7 мың женіл автокөлік болған. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдер саны 18,6%-ға артты.

Сонымен қатар, тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі – 87,5% бензинмен жүреді, 8,3% – аралас жанармаймен, 1,9% – дизель отынымен, 0,1% – газбаллонды отынмен және тағы 0,1% электр қозғалтқыш есебінен қозғалады. Бензин отынымен жүретін жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы қаласында тіркелген – 496,8 мың бірлік, Алматы облысында – 478,6 мың бірлік және Астана қаласында – 314,2 мың бірлік.

2023 жылдың 9 ай ішінде 9869 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14016 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 3,8%-ға қысқарды, зардап шеккендер саны 7,1%-ға азайды.2)

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 44,9 млн. теңге сомасына 80913 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.3)