2023 жылғы қыркүйектегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

2023 жылғы қыркүйектегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

Бір жылда (2023 жылғы қыркүйек 2022 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 5,7% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 3,9% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2% төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй жылдық мәнде баға Павлодар – 18,9%, Семей – 16%, Ақтау – 11,7% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Қызылорда (14,6%), Талдықорған (9,7%) қалалары, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Қарағанды (24,8%), Қонаев (24,6%), Қызылорда қалалары (22,5%).

Тұрғын үйді алып-сату бойынша 2023 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 398 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 815 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 583 мәміле жасалды. 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда (38 810) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 8,8%-ға азайды.   

Мәміле саны бойынша Астана (6 731 – 19%) және Алматы (6 436 – 18,2%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 041 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 319 бірлік (0,9%).

2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте мәміле жасау Алматы қаласы (+8,6%) мен Батыс-Қазақстан облысын (+2,6%) қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде төмендеді. Ал мәмілелер санының ең қатты азаюы Солтүстік-Қазақстан (26,4%-ға), Ұлытау (22,2%-ға) және Қостанай (19,4%-ға) облыстарында тіркелді.

2023 жылдың тамызымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 7,3%-ға (2 086 мәмілеге) кеміді. Қыркүйек айында пәтерлер бойынша барлығы           26 583 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,8%), Алматы (22,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым, қыркүйек айында олар бойынша 10 184 мәміле ресімделген.

2023 жылдың тамыз айымен салыстырғанда, қыркүйекте жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 13,1%-ға азайып (1 326 мәмілеге), 8 815-ті құрады. Оң динамика тек Астана (15,7%), Алматы (1,4%) қалаларында және Батыс-Қазақстан (6,4%), Түркістан (2,7%) облыстарында тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында 34,1%-ға кему байқалады, бұл барлық өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.   

2023 жылдың қыркүйегінде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 2,3%-ға азайған, ол кезде 36 241 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Түркістан облысында (26%-ға) тіркелді, ал Солтүстік-Қазақстан облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (22,1%-ға) байқалды. Теріс динамика 2023ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -26,4%-ды  құрады.

 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.