2023 жылғы наурызда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

2023 жылғы наурызда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

Бір жылда (2023 жылғы наурыз 2022 жылғы наурызға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты.

Өңірлер кесіндісінде алғашқы нарықта жылдық мәнінде баға едәуір Ақтөбе қаласында – 25,4%, Ақтау қаласында 24,3% қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Қызылорда қаласы (37,8%), Ақтау қаласы (32,6%), Семей қаласы (31,6%), Қостанай қаласы (29,2%), Өскемен қаласы (24,7%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Көкшетау қаласы (51,1%), Петропавл қаласы (48%), Алматы қаласы (45,4%), Қостанай қаласы (45%).

Бір айдың ішінде (2023 жылғы наурыз 2023 жылғы ақпанға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

 

«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.