Қаңтарда 126,9 мың автокөлік есепке қойылды

Қаңтарда 126,9 мың автокөлік есепке қойылды

2023 жылғы қаңтарда есепке 126,9 мың бірлік1) автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер 25,9%-ға, жүк автомобильдері 39,5%-ға артты, автобустар 2 есеге артты.

Осылайша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны
4 518,7 мың бірлікті құрады (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар.

2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайды2).

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн. теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған3).

 

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері    бойынша.

3)) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша