2022 жылғы IV тоқсандағы өнеркәсіп, сауда және құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруі

2022 жылғы IV тоқсандағы өнеркәсіп, сауда және құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруі

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2022 жылдың IV тоқсанда өткен 2022 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда дайын өнімге сұраныстың ұлғайғанын белгіледі. Дайын өнімнің 2022 жылдың IV тоқсанында өткен тоқсанмен салыстырғанда сол денгейде қалды.  Осылайша, 2022 жылдың IV тоқсанында сұраныстың өзгеруін бағалау балансы 3%-ды, өндіріс өзгеруін бағалау балансы 7%-ды құрады (2022 жылдың III тоқсанында тиісінше 3% және 2%).

2022 жылғы IV тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі төмендеп, 2% құрады. Бұл ретте өнеркәсіп кәсіпорындарының 69%-ы қаржылық-шаруашылық қызметтің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 12%-ы – жақсаруды және 10%-ы – нашарлауды күтеді.

Сауда кәсіпорындарына жүргізілген сауалнамаға сәйкес 2022 жылдың IV тоқсанында 2022 жылдың                      III тоқсанымен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың төмендегені байқалды. 2022 жылдың IV тоқсанында сұраныстың өзгеруінің балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда -7%-ды құрады (2022 жылдың III тоқсанында -4%), сауда көлемінің өзгеруін бағалау балансы сол денгейде қалды және 0% құрады.

2022 жылғы IV тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі -9% құрады. Мұндай айтарлықтай төмендеуге  сұраныс және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы әсер етті.

Сауда кәсіпорындарының жартысынан көбі 62% ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің өзгермеуін, 10% жақсаруын және 15% нашарлайтындығын күтеді.

2022 жылдың IV тоқсанында 2022 жылдың III тоқсанмен салыстырғанда құрылыс кәсіпорындарының басшылары экономикалық конъюнктураның нашарлағанын атап өтті. Осылайша, тапсырыс беру портфелінің өзгеруін бағалау балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда төмендеді және -8%-ды құрады. Орындалған жұмыстардың нақты көлемінің өзгеруін бағалау балансы 2%-дан -8%-ға дейін азайды.

2022 жылғы IV тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өзгеріп -2%-ды құрады.

Құрылыс кәсіпорындарының 60%-ы қаржылық-шаруашылық белсенділіктің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 8%-ы – жақсаруын және 17%-ы – нашарлауын күтеді.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін және ұйымдарда жұмыс істейтіндер санының күтілетін өзгерісін бағалау «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығы баланс деп түсіндіріледі.