109 мың бірлік автокөлік құралы қараша айында есепке қойылды

109  мың бірлік автокөлік құралы қараша айында есепке қойылды

2022 жылғы қарашада есепке 109 мың бірлік автокөлік1) құралы қойылды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 29,3% артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер –26,6%-ға, жүк автомобильдері – 85,9%-ға, автобустар – 6%-ға артты.

Мәселен, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4403,6  мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8%-ды жеңіл автомобильдер, 10,1%-ды жүк автомобильдері және 2,1%-ды автобустар.

2022 жылғы қаңтар-қарашада 13 407 жол-көлік оқиғасы тіркеліп2), 19 511 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 9,2%-ға артқан, ол кезде 12 272 жол-көлік оқиғасы болып, 17 896 адам зардап шеккен.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 44,9 млрд. теңге сомасында 84 631 сақтандыру төлемін жүзеге асырды3). 2021 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда сақтандыру төлемдерінің саны 13,6%-ға, сомасы 32,4% өскен.

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері    бойынша.

3)) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша