2022-2023 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 718 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйым мен 41 филиал жұмыс істеді.
Оқушылардың жалпы саны – 525,9 мың адам, оның ішінде 251,2 мың адам немесе 47,8%-ы – әйелдер. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 6,5% көбейді.
Оқу жылы бойынша оқушылар саны
|
Оқуға түскендер |
Жалпы саны |
Түлектер |
2020-2021 оқу жылы |
164 644 |
477 539 |
146 494 |
2021-2022 оқу жылы |
176 884 |
494 042 |
138 760 |
2022-2023 оқу жылы |
195 189 |
525 909 |
|
Оқушылардың жалпы санынан 71,8% – негізгі орта білім, 24,5% – жалпы орта білім негізінде, 3,7% – ТжКБ базасында оқиды.
Күндізгі оқу бөлімінде оқушылардың 95,8%, кешкі және сырттай бөлімдерде тиісінше 0,2% және 3,9% оқиды.
316,1 мың адам мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды, бұл – оқушылардың жалпы санының 60,1%, 209,8 мың адам немесе оқушылардың 39,9% ақылы негізде білім алады.
2022-2023 оқу жылындағы сұранысқа ие мамандықтар:
- мейіргер ісі – 18 454 адам;
- емдеу ісі – 15 304 адам;
- бағдарламалық қамтамасыз ету – 13 242 адам;
- автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – 10 161 адам;
- тамақтандыруды ұйымдастыру – 10 143 адам;
- бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі – 8 777 адам;
- дене тәрбиесі және спорт – 7 410 адам;
- басқа мамандықтар бойынша – 111 698 адам.
Мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі – 61%, орыс тілінде – 38,8% және ағылшын тілінде – 0,2%.
2022 жылы түлектердің саны 138,8 мың адамды құрады, оның ішінде 83 мың адам немесе 59,8% жұмысқа орналасқан және 19,9 мың адам немесе 14,3% жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырған.
Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36,9 мың педагог және 5,4 мың өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Педагогтардың санаттары бойынша 868 адам – педагог-шебер, 6 049 адам – педагог-зерттеуші, 4774 адам – педагог-эксперт, 6 004 адам – педагог-модератор.