Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2022 жылдың қазан айында айлық инфляция мөлшері 1,6% құрады. 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазан айында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әрқайсысы 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде жуу және тазалау құралдарының бағасы ең көп көтерілді – 5%-ға, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар, тұрмыстық тауарлар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары 1,7%-ға қымбаттады. Тас көмір бағасы 2,1%-ға, отын 1,7%-ға өсті.

Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 1,7%-ға көтерілді. Оның ішінде қонақ үй қызметтері 6%-ға, кешенді демалыс ұйым қызметтері 4%-ға, демалыс және спорт саласындағы іс-шаралар қызметі 3,3%-ға, монша қызметі 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарының қызметтері 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметі 2,2%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы қазанда 1,4%-ға өсті. Оның ішінде қызанақ – 21%, қияр – 14,7%, жұмыртқа – 6,3%, балық және теңіз өнімдері – 2,3%, тоқаш және ұн өнімдері – 2,2%, салқындатылған сусындар – 1,9%, ірімшік және сүзбе 1,8%-ға қымбаттады. Керісінше сәбіз бағасы 5,6%-ға, қызылша – 5,5%, пияз – 5,1%, картоп – 3,5%, қырыққабат – 2,6%, құмшекер 2,3%-ға арзандады.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

 

пайызбен, өсуі

 

2022 жылғы қазан

Анықтама: 2022 жылғы қыркүйек

2021 жылғы

қазанға

2021 жылғы

желтоқсанға

2022 жылғы

қыркүйекке

2021 жылғы
қыркүйекке

2022 жылғы
тамызға

Тауарлар мен қызметтер

18,8

17,2

1,6

17,7

1,8

Азық-түлік тауарлар

23,1

21,2

1,4

22,2

1,2

Азық-түлік емес тауарлар

17,9

16,0

1,7

17,0

1,9

Ақылы қызметтер

13,5

12,6

1,7

12,3

2,7

2022 жылғы қазанда жылдық инфляция мөлшері 18,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 23,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17,9%, ақылы қызметтер 13,5% өсті.


Статистикалық ақпарат пайдаланушылары үшін Бюро инфляция бойынша барлық дерек қамтылған арнайы интерактивті дэшборд әзірледі.

 

«Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бюро мамандары барлығы 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағаларының өзгеруін бақылайды. Интерактивті дэшбордта пайдаланушылар тауарлардың топтастырылуын, қанша нүкте бойынша мониторинг жүргізілетінін және 2018 жылдан бастап инфляция көрсеткішінің ай сайын қалай өзгеріп отырғанын көре алады. Қазақстандықтар өз өңірінде бағаның арзандағанын не қымбаттағанын қарап, сұраныстағы тауарлардың баға өзгерісін бақылай алады», – дейді Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

 

*2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% құрады.