Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдайы туралы

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 625,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,4% жоғары. Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 1,9% өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 36% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 64%.

Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесінде, атап айтқанда мамандандырылған дүкендердегі жиһаздар, майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиена керек-жарақтары, сағат және зергерлік бұйымдар, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарларды сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 200,9 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күнді құрады.

 

 

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,0%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,5%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.