2022 жылғы қыркүйекте тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

2022 жылғы қыркүйекте тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

Бір жылда (2022 жылғы қыркүйек 2021 жылғы қыркүйекке) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үйлердікі 17,7% өсті.

Өңірлік бөліністе жаңа салынған үйлердің бағасы жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3% және Ақтауда 19,3% қымбаттады. Дәл осы нарықтағы бағаның болмашы өсімі Павлодарда (0,9%) және Талдықорғанда (1,8%)  тіркелді.

Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің тізімін Қызылорда (45%), Ақтөбе  (44,3%), Өскемен (40,4%), Талдықорған (38,8%), Ақтау және Астана қалалары (38,4%) бастап тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Түркістан (12,2%) мен Атырау қаласына (13,3%) тиесілі.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге1)

2022 жылғы  қыркүйек

Анықтама: 2022 жылғы   тамыз

2021 жылғы  қыркүйекке

2021 жылғы желтоқсанға

2022 жылғы  тамызға

2021 жылғы    тамызға

2022 жылғы    шілдеге

Жаңа тұрғын үйлерді сату

426 8132)

17,7

12,8

0,3

18,1

-0,1

Пәтерлерді қайта сату

474 877

25,9

19,8

1,1

25,8

0,4

 

 

1) 2022 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша

2) Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

Бір айдың ішінде (2022 жылғы  қыркүйек пен тамызды салыстырғанда) пәтерлерді қайтара сату бағасы 1,1%-ға өсті, тамыздағы көрсеткіш 0,4% мөлшерінде болған. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы тамызда 0,1%-ға арзандауды көрсетсе, осы жолы баға бір айдың ішінде 0,3% өсті.

 

 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

 

www.stat.gov.kz/ Ресми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы