
2022 жылғы қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсті. Қыркүйек айында инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерге байқалды – 2,7% (2022 ж. тамызда-1,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға (2022 ж. тамызда – 1,8%) қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында –1,2% (2022ж.-1%).
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
|
|
2022 жылғы қыркүйек |
Анықтама: 2022 жылғы тамыз |
|||
|
2021 жылғы қыркүйекке |
2021 жылғы желтоқсанға |
2022 жылғы тамызға |
2021 жылғы |
2022 жылғы |
|
|
Тауарлар мен қызметтер |
17,7 |
15,4 |
1,8 |
16,1 |
1,4 |
|
Азық-түлік тауарлар |
22,2 |
19,5 |
1,2 |
20,8 |
1,0 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
17,0 |
14,0 |
1,9 |
15,5 |
1,8 |
|
Ақылы қызметтер |
12,3 |
10,8 |
2,7 |
10,1 |
1,6 |
Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде (2022 ж. қыркүйек) ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,9%-ға өсті.
Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ға көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ға, киім мен аяқ киім 1,9%-ға қымбаттады. Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға өсті.
Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда (2022 ж. қыркүйекте) 1,2% өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 3,8%-ға, жармалар 3,2%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға өсті. Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2%-ға, картоп 8,5%-ға, құмшекер 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер 3%-ға арзандады.
Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға көтерілді.

Анықтама: Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен баға өзгері бақыланады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% құрады.