2022 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

2022 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен есептелген Жалпы ішкі өнім

       2022 жылғы қаңтар-маусымдағы (есептік деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2021 жылға қарағанда 103,6% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40,2%-ды, қызметтер – 51%-ды құрады.

         Ең жоғары өсімді Ақпарат және байланыс – 112,6%, Құрылыс – 109,2% және Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 106,2% салалары көрсетті.

     ЖІӨ-нің НКИ-ге ең үлкен салымды Көтерме және бөлшек саудасы; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу -0,9пт.,  Өңдеу өнеркәсібі – 0,8пт. және Құрылыс – 0,5пт. салалары қосты.

ЖІӨ-нің атаулы мәні және құрылымы

 

Жалпы қосылған құн,

млн. теңге

Құрылымы,

%-бен

өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен

НКИ

дефлятор

Жалпы ішкі өнім

40 034 332,6

100,0

103,6

119,7

  Тауарлар өндірісі

16 269 943,6

40,2

104,1

121,5

  Ауыл, орман және балық шаруашылығы

1 109 432,7

2,8

101,4

118,5

  Өнеркәсіп

13 170 633,6

32,4

103,5

124,7

  Құрылыс

1 989 877,3

5,0

109,2

104,9

  Қызметтер өндірісі

20 250 914,2

51,0

102,6

115,3

Жалпы қосылған құн

36 520 857,8

91,2

103,3

118,0

Таза салықтар

3 513 474,8

8,8

108,4

142,0

              

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/ Салалар бойынша / Ұлттық шоттар статистикасы