Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді

Ұлттық статистика бюросында Дүниежүзілік банк сарапшыларының қатысуымен кездесу өтті. Тараптар Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша бірқатар зерттеу жұмысын, соның ішінде салық пен мемлекеттік шығыстардың үй шаруашылықтарының кірісіне әсерін бағалаудың микросимуляциялық моделін талқылады.

Экономистердің айтуынша, бұл модель талдау мен әлеуметтік-экономикалық саясат шараларын жүргізудің балама сценарилерін қарастыруға, сондай-ақ олардың үй шаруашылықтарының табыс деңгейіне әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Сарапшылар фискалдық саясаттың үй шаруашылықтарының бюджетіне әсер ету деректері турасындағы пікірімен бөлісті. Олардың айтуынша, фискалдық саясаттың әсерін талдау жүйенің әлсіз жақтарын, салық пен шығысты қайта бөлудегі тиімсіз шектеулерді анықтауға, кедейлік пен теңсіздік аспектілері бойынша басқа елдермен салыстырулар жүргізуге көмектеседі.

Ұлттық статистика бюросы Дүниежүзілік Банктің зерттеу жобалары бойынша халықтың табысы мен елдегі кедейлік деңгейін өлшеу бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру әдіснамасы турасында кері байланыс берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар зерттеу жұмыстары саласындағы бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісті.