2022 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7% құрды

2022 жылғы қаңтар-тамызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-тамызда былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 103,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-дан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

 

 

2022 жылғы қаңтар-тамыз

2021 жылғы қаңтар-тамызға пайызбен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге

8 182,6

105,7

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі,
млрд теңге

32 127,2

102,5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі,
млрд теңге

3 632,0

104,3

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге

3 034,8

107,5

Жүк айналымының көлемі, млрд т-км

393,0

103,5

Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км

72,1

116,3

Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге

708,1

106,6

Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге

9 034,2

102,1

Көтерме сауда көлемі, млрд тенге

20 309,7

106,6

Сыртқы сауда айналымы, млн АҚШ доллары

74 283,7 (2022 жылғы қаңтар-шілде)

136,9

 

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 500 613 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,5% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 491 761 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 378 529 құрады, оның ішінде 369 881 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы тамызда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,3% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 18%, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 11,9%, халық үшін ақылы түрде көрсетілетін қызметтерге 7,9% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы тамызда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 15,9% өсті.

 

Әлеуметтік сектор

2022 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 146 567 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы шілдеге қарағанда 11,9% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,7% төмендеді.

2022 жылғы тамызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы тамыздың соңына 252,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің 2,7%.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы