Индекс промышленного производства в январе-августе 2022г. составил 102,5%

Индекс промышленного производства в январе-августе 2022г. составил 102,5%

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 102,5 % құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Жамбыл (11,4%), Ақмола (8,9%), Абай  (8,6%) облыстарында және Алматы қаласында (8,5%) байқалды. Төмендеу – Жетісу (5%-ға), Павлодар (3,1%-ға), Қызылорда (2,6%-ға), Қостанай (2,5%-ға) және Түркістан (0,4%-ға)  облыстарында.

2022 жылғы қаңтар-тамызда 32 127 млрд теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 16 987 млрд теңге (жалпы көлемнен 52,9%), өңдеу өнеркәсібінде – 13 418 млрд теңге (41,8%).

2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда түсті металл кендері (105,1%), көмір өндіру (102,2%), сусындар (107,5%), темекі өнімдері (115,4%), химия (111,8%) және металлургия өнеркәсібі (105,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,1%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (102,4%) өндірісінің өсуі байқалды.

 

2022 жылғы қаңтар-тамыздағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

 

Өндірілгені

2021 жылғы

 қаңтар-тамызға

пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн. тонна

56,1

100,0

мыс кендері, млн. тонна

87,7

107,0

ұн, млн. тонна

2,0

109,2

бензин, млн. тонна

3,3

104,4

тауарлық бетон, млн. тонна

12,9

88,5

портландцемент, млн. тонна

8,6

100,2

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

50,8

95,5

электр энергиясы, млрд. кВт. сағ.

74,6

99,2

         

 

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы