Қазақстан Республикасындағы халықтың 2022 жылғы II тоқсандағы табысының саралануы туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2022 жылғы II тоқсандағы табысының саралануы туралы

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.

* Абай,  Алматы, Жетісу, Қарағанды,  Ұлытау және Шығыс  Қазақстан облыстары бойынша бағалау деректері келтірілген.

 Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

  Анықтама үшін: Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 100 теңгені құрады.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы