Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы жағдайы туралы

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 9 034,2 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,1% жоғары көрсеткіш. Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу 4,8% өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 35,1% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 64,9%.

Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесінде, атап айтқанда өсім мамандандырылған дүкендердегі жиһаздар, майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен жеке керек-жарақтар, сағат және зергерлік бұйымдар, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарлар сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 қыркүйекке сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 149,9 млрд. теңгені, сауда күндерінде 52 күнді құрады.

 

2022 жылғы қаңтар-шілдеде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,6%), Нұр-Сұлтан қаласына (12,0%), Қарағанды (8,6%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша/  Ішкі сауда статистикасы