2021 жылғы өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім

2021 жылғы өндіріс әдісімен Жалпы ішкі өнім

2021 жылғы (есепті деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2020 жылға қарағанда 104,3% құрады. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40,4%, қызметтер – 53,8% құрады.

ЖІӨ-нің НКИ-сі 104,1%-ды құраған ЖІӨ-нің алдын ала бағалауымен салыстырғанда салалардың НКИ-де өзгерістер болды, нақтылаулар  салалардағы жылдық статистикалық байқаулардың деректері бойынша болды.

 

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/ Салалар бойынша / Ұлттық шоттар статистикасы