Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі

Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі

Ұлттық статистика бюросы жыл сайын құқық қорғау органдарына сенім деңгейін айқындау бойынша халық арасында іріктемелі зерттеу жүргізеді. Сауалнама кезінде азаматтарға қауіпсіздік дәрежесі, қылмыс деңгейін бағалау, құқық қорғау органдарына сенімсіздік себептері бойынша сұрақтар қойылады.

Осылайша, құқық қорғау органдарына сенуге болады деген пікірмен келісесіз бе деген сұраққа толық келісім білдіргендер: прокуратура органдарына қатысты – 37,5%, полицияға қатысты – 36,4%, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қатысты – 24,4%, экономикалық тергеу қызметіне қатысты – 22,2%. Бұл ретте, жауап бергендердің 45,7% және 38,5% тиісінше экономикалық тергеу қызметімен мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысымен ешқашан кездескен емеспіз деген нұсқаны белгілеген.

 

Сауалнамаға қатысқан барлық респондент өздерінің тұрғылықты ауданында: 58,3%-ы толық қауіпсіз, 37,8%-ы жеткілікті түрде қауіпсіз сезінеді, 2,7%-ы қауіпсіз сезінбейді, 0,4%-ы тіпті қауіпсіз сезінбейді, 0,7%-ы жауап беруге қиналды.

Құқық қорғау органдары тәртіпті қаншалықты қамтамасыз етеді деген сауалға сұралғандардың 23,4%-ы «елеулі дәрежеде» деген баға берді. Респонденттердің 40,9%-ы соңғы 12 айдың ішінде өздерінің тұрғылықты жерінде  қылмыс деңгейі төмендеген деп санайды. Сонымен бірге, зерттеуге қатысқандардың 31,2%-ы аптасына кем дегенде бір рет тұратын жерінде патрульдеу (көлікпен немесе жаяу) байқайтынын айтқан.

 Азаматтық жауапкершілікті бағалау бойынша, жауап бергендердің 94,1%-ы қылмыстық оқиғаның куәсі болса, полицияға хабарлайтынын айтқан.

Сондай-ақ, сұралғандардың 43,3%-ы алаяқтардың кесірінен банк шотындағы ақшаны жоғалту ықтималдылығына алаңдаулы. 60 және одан жоғары жастағы респонденттердің 48,2%-ы осындай пікір білдірді, ал 15-19 жастағы адамдар бұл мәселеге аз алаңдайтыны белгілі болды – 30,3%-ы.

Респонденттердің жауаптарын өңдеу нәтижелері азаматтардың қорғалуын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақтау органдарының зерттеуде келтірілген негізгі шараларды қолдану қажет екенін көрсетті: құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру, сұралғандардың 22,3%-ы осылай деп санайды; құқық қорғау органдары қызметінің ашықтық дәрежесін арттыру және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шараларды өткізу – 17%-дан, көшелерде жиі патрульдеу, тұрғындардың өтініштері мен телефон қоңырауларына жедел әрекет ету – 35,7%; барлық көшелерді жарықпен қамтамасыз ету – 28,6%; көшелерді бейнекамералармен жабдықтау – 23,6%.

Сұралғандардың 44,4%-ы ұрлық, 17,1%-ы бұзақылық, 10,2%-ы алаяқтық сияқты қылмыстық фактілерімен бетпе-бет келген.

Зерттеу республиканың барлық өңірлерін, соның ішінде қалалық және ауылдық жерлерді қамтыды. Республика өңірлері деңгейінде деректердің репрезентативтілігін қамтамасыз ету мақсатында зерттеуде 15 және одан жоғары жастағы 18005 респонденттен немесе жалпы жиынтықтың 0,35%-ынан жауап алынды.

 

 

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/ Құқық бұзушылық статистикасы /Сала бойынша / Бюллетень/(сала атауы) / Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі