Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,8% көбейді*

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,8% көбейді*

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,8% көбейді*

 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өзара саудасы 9 956,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,8% көбейді.

      2022 жылғы қаңтар-мамырдағы тауарлар экспорты 2 929,3 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (0,9%-ға аз), импорт – 7 027,6 млн АҚШ доллары (7,3%-ға көп).

      Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі – 92,8%, Қырғызстанда – 3,8%, Беларусьте – 3,3%, Арменияда  – 0,1%.

 

 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

(млн АҚШ доллары)

 

 

Экспорт

Импорт

ЕАЭО елдері

қаңтар-мамыр

2021ж.

қаңтар-мамыр

2022ж.

қаңтар-мамыр

2021ж.

қаңтар-мамыр

2022ж.

Ресей

2 663,8

2 668,7

6 145,1

6 574,4

Қырғызстан

242,4

229,3

109,7

152,0

Беларусь

47,6

28,3

289,1

297,6

Армения

2,5

3,0

3,8

3,6

Барлығы

2 956,3

2 929,3

6 547,7

7 027,6

 

        ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғарғы өсім жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша байқалды, өсім – 3 есе. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалды (53,4% аз).

         Импортта өсім мыс кендері мен концентраттары бойынша байқалды – 17,6 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша көрсеткіштің төмендеуі тіркеліп отыр (53,7 % аз).