2022 жылғы маусымда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

2022 жылғы маусымда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

Бір жылда (2022 жылғы маусым мен 2021 жылғы маусымға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өсті –27,9%-ға. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласы  (48,3%).

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге1)

2022 жылғы маусым

Анықтама: 2022 жылғы мамыр

2021 жылғы маусымға

2021 жылғы желтоқсанға

2022 жылғы мамырға

2021 жылғы  мамырға

2022 жылғы  сәуірге

Жаңа тұрғын үйлерді сату

423 7052)

19,5

11,9

1,1

19,3

1,7

Пәтерлерді қайта сату

465 515

26,8

                     17

0,4

27,9

1

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі

3 567

21

10,6

-1,1

22,8

1,3

 

1) 2022 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша

2) Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

 

Бір айдың ішінде (2022 жылғы маусым 2022 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда 1,1% төмендеді.

 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.