Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы жағдайы туралы

2022 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 4738,3 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,3% жоғары. Сауда кәсіпорындарының тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8,3% өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,7% құрады, азық-түлікке жатпайтын  тауарлардікі – 68,3%.

Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 маусымға сауда кәсіпорындарының тауар қорының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1151,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 65 күнді құрап отыр.

                                                               Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

                                                                                                          өткен жылғы тиісті айға пайызбен

2022 жылғы қаңтар-мамырда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы қаласына (30,2%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,4%), Шығыс Қазақстан (9,6%) және Қарағанды (9,1%) облыстарына тиесілі.