Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,4% көбейді

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,4% көбейді

Алдын ала деректер бойынша Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді.

2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі тауарлар экспорты 2 298,7млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (1,2% көп), импорт – 5 426,9 млн. АҚШ доллары (7,4% көп).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93,1%, Қырғызстан Республикасына – 3,8%, Беларусь Республикасына – 3,1%, Армения Республикасына – 0,06% келеді.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

                                                      (млн АҚШ доллары)

 

Экспорт

Импорт

ЕАЭО елдері

қаңтар-сәуір

2021ж.

қаңтар-сәуір

2022ж.

қаңтар-сәуір

2021ж.

қаңтар-сәуір

2022ж.

Ресей

2 038,8

2 096,6

4 744,7

5 092,4

Қырғызстан

193,0

177,7

83,4

117,6

Беларусь

38,1

22,6

223,6

213,9

Армения

2,1

1,8

3,0

3,0

Барлығы

2 272,0

2 298,7

5 054,7

5 426,9

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша ең жоғарғы өсім – 3,2 есеге өсу байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (42,1% аз).

         Импортта бидай мен меслиннің өсімі байқалады – 3,2 есе. Бұл ретте ЕАЭО елдерінен жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарын алу көрсеткіші төмендеген  (43,6 % аз).