2021 жылғы жалақы қоры және оның құрамдас бөліктері*

2021 жылғы жалақы қоры және оның құрамдас бөліктері*

2021 жылы Қазақстан Республикасында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2020 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өсті. Жалақының өсуі негізінен тарифтік мөлшерлемелер мен лауазымдық жалақылардың, сондай-ақ біржолғы төлемдер мен сыйлықақы көлемінің ұлғаюы есебінен болды.

Орта есеппен 2021 жылы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері мен лауазымдық жалақылары 20,3%-ға өсті. Лауазымдық жалақылардың ең жоғары өсімі 2021 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында тіркелді, тиісінше 28,1%-ға және 34,4%-ға, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда саласында 25,9%-ға өсті.

Өнеркәсіп, құрылыс және көлік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда орта есеппен 12-15%-ға өсті. Өнер, ойын-сауық және демалыс, сондай-ақ тұру және тамақтану қызметтері қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы өзгеріссіз қалды.

Қаржы және сақтандыру қызметі, өнеркәсіп, сондай-ақ көлік және қоймалау; көтерме және бөлшек сауда қызметкерлері еңбекақысының жоғары деңгейде болуы оның үштен бір бөлігінің сыйлықақылар мен біржолғы төлемдер есебінен қамтамасыз етілуімен байланысты.

 

Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы қорының құрылымы*

                                                                                                                                                           пайызбен

 

Экономикалық қызмет түріне пайызбен

Оның ішінде

тарифтік мөлшерлеме мен лауазымдық  қызметақы бойынша есептелген жалақы

біржолғы төлемдер мен сыйлықақылар

жұмыс режимі мен еңбек жағдайына байланысты өтемақылық төлемдер

жұмыс істелмеген уақыт үшін ақы төлеу

Қазақстан Республикасы

100

73,1

13,9

4,9

8,1

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

100

82,9

8,4

1,9

6,8

Өнеркәсіп

100

61,5

20,2

8,2

10,1

Құрылыс

100

81,2

8,6

4,2

6,0

Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

100

73,8

19,1

1,7

5,4

Көлік және қоймалау

100

60,8

19,1

10,2

9,9

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

100

80,8

5,8

7,4

6,0

Ақпарат және байланыс

100

72,6

16,2

4,2

7,0

Қаржы және сақтандыру қызметі

100

62,3

31,0

0,9

5,8

Жылжымайтын мүлік операциялары

100

74,1

18,7

1,4

5,8

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

100

74,4

15,1

3,6

6,9

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

100

84,1

7,2

4,6

4,1

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

100

71,5

18,9

3,3

6,3

Білім беру

100

82,9

4,6

2,9

9,6

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

100

78,2

10,0

4,9

6,9

Өнер, ойын-сауық және демалыс

100

80,2

12,0

2,0

5,8

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну

100

80,2

12,9

1,3

5,6

 

Бюро пайдаланатын орташа айлық жалақыны есептеу әдістемесі Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен әдіснамасына сәйкес келеді. Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есептілігі негізінде есептеледі. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтармен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

 * Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.